Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды • Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпаратты тек Aitu арқылы жіберуді тапсырды • Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден озды • Қандастар Тоқаевтан азаматтық беруді сұрады • Бәріне бір компьютер, сәлемдемелер еденде: «Қазпоштаның» өз қызметкері компания басшылығын сынға алды • Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды • Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпаратты тек Aitu арқылы жіберуді тапсырды • Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден озды • Қандастар Тоқаевтан азаматтық беруді сұрады • Бәріне бір компьютер, сәлемдемелер еденде: «Қазпоштаның» өз қызметкері компания басшылығын сынға алды •

    Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды

    Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды

    Фото: istockphoto.com

    Қытай азаматы Ақтөбеден сүйген қызына үйленіп, 150 адамға арналған той өткізуді жоспарлаған. Алайда үйлену тойына аз уақыт қалғанда мейрамханада той өткізуге келісім болмағаны, ал қалыңдықтың анасы қайтыс болды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталған. Енді шетелдік азамат бұрынғы сүйіктісі мен оның отбасына берген шамамен 30 миллион теңгесі мен алтын әшекейлерін қайтаруға тырысып жүр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Әлеуметтік желіде Қытайдың 35 жастағы азаматының Ақтөбеде тұратын бұрынғы сүйіктісі мен оның отбасына қатысты оқиғасы талқыланып жатыр. Ер адамның айтуынша, ол үш жыл бойы қыздың шығындарын көтеріп, жақындарына да қаржылай көмектескен.

    Қытай жігіті қыздың оқу ақысын, ипотекасын төлеп, оның бауырының емделуіне қаражат берген. Сонымен қатар қымбат сыйлықтар тарту еткен. Жеме жемге келгенде ақтөбелік келіншек қытайлық жігітке күйеуге шығудан бас тартқан.

    Тойды да өткізбек болған. Ер адамның сөзінше, шындығында той өтетін мейрамхана брондалмаған болып шыққан. Сондай-ақ қалыңдық анасының қайтыс болғанын айтқанымен, кейін оның тірі екені белгілі болған.

    «Шетелдік азаматтың арызы түскен бойда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Тиісті шешім Ақтөбе қаласының прокуратурасымен келісілді», – деп мәлімдеді полиция.

    Полицияның мәліметінше, ер адамға ақшасы мен мүлкін қайтару үшін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндірілген.

    Фото: ашық дереккөз

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →