Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі •

    Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды

    Карлос Алькарас Туриндегі қорытынды турнир финалында Александр Зверевті 6:2, 7:6 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет жеңімпаз атанды. АТП рейтингінде үшінші орында қалды.

    Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды

    Фото: atptour.com

    23 жастағы испан теннисшісі Карлос Алькарас қорытынды турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, германиялық Александр Зверевті 6:2, 7:6 (9:7) есебімен жеңіп, өз мансабында алғаш рет жыл қорытындысы бойынша өткен турнирде топ жарды. Турин триумфшысы жаңартылған АТП рейтингінде үшінші орында қалды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Финалдық матч 2 сағат 1 минутқа созылды. Испандық 7 эйс жасаса, неміс теннисшісі төртеуін ғана орындады. Брейктер есебі – 4:2, жалпы ұтып алынған ұпайлар – 80:64.

    Алькарас кубокты екінші әрекетінде иеленді. Өткен жылы Карлос финалда Янник Синнерге 6:7 (4:7), 5:7 есебімен жол берген еді. Итальяндық жарақатын емдеп жүріп, титулды қорғамады. Жыл қорытындысы бойынша ол рейтингтегі бірінші орынды Зверевке берді.

    Almaty Open-2026 турнирінің жеңімпазы, ресейлік Даниил Медведев жартылай финалда Зверевке 6:7 (0:7), 4:6 есебімен ұтылды.

    Туриндегі жұптық разрядта Тео Аррибаж мен Альбано Оливетти сенсациялық түрде жеңіске жетті. Финалда жұптық ойыншылардың Топ-10 тізіміне кірмейтін француздар сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павичті 3:6, 7:6 (7:2), 10:6 есебімен ұтты.

    Әлемдік рейтингтің бірінші нөмірлері – финляндиялық Харри Хелиовара мен британдық Генри Паттен болашақ финалистерге ұтылып, топтан шыға алмады.

    Сегіз үздік теннисші қатысатын АТП қорытынды турнирі 1970 жылдан бері өткізіліп келеді. Соңғы алты жарыс италиялық Туринде ұйымдастырылды. Оны жеті рет сербиялық Новак Джокович жеңіп алған. Швейцариялық Роджер Федерердің еншісінде алты жеңіс бар. Америкалық Пит Сампрас пен чехиялық Иван Лендл бес реттен топ жарған. Төрт рет румыниялық Илие Настасе жеңімпаз атанды. Үш реттен кубокты неміс Борис Беккер мен америкалық Джон Макинрой иеленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →