Квартальнов: Ресей құрамасы хоккейде халықаралық аренада ойнауы керек
«Локомотив» бас жаттықтырушысы Дмитрий Квартальнов Ресей құрамасының халықаралық аренада ойнауы қажет екенін айтты. Бұған дейін CAS IIHF-ті ресейлік құрамаларды жарыстарға жіберуге міндеттеген.
Сурет: sports.kz
«Локомотив» клубының бас жаттықтырушысы Дмитрий Квартальнов елдегі хоккейді дамыту үшін Ресей құрамасының халықаралық аренада өнер көрсетуі қажет екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оған «ҚХЛ-да тамаша чемпионат бар, сол себепті халықаралық аренаға кез келген жолмен ұмтылу керек пе, әлде мақтаныш танытып, ол жаққа бару әрекетінен бас тартқан жөн бе?» деген сұрақ қойылды.
— Менің жеке ұстанымым — даму үшін біз сол жақта болып, ойнауымыз керек. Ең мықтылар ең мықтылармен ойнауға тиіс, — деді Квартальнов.
Бұған дейін Спорттық арбитраж соты (CAS) Халықаралық хоккей федерациясын (IIHF) ресейлік құрамаларды халықаралық жарыстарға жіберуге міндеттеген болатын.
