Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Барыс» — «Динамо» Минск: КХЛ матчының тікелей эфирі 16:30-да басталады

    22 қарашада Астанада ҚХЛ тұрақты чемпионатының «Барыс» — «Динамо» Минск матчы өтеді. Тікелей эфир 16:30-да «Qazsport» телеарнасында басталады.

    «Барыс» — «Динамо» Минск: КХЛ матчының тікелей эфирі 16:30-да басталады

    Сурет: sports.kz

    22 қараша, жексенбі күні Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының матчы өтеді: «Барыс» өз алаңында Минскінің «Динамо» командасын қабылдайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Барыс» — «Динамо» Минск кездесуінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 16:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

    28 матч өткізгеннен кейін «Барыс» пен «Динамо» қос команданың да еншісінде 29 ұпайдан бар. Тұрақты чемпионаттағы соңғы ойында «Барыс» қонақта Омбының «Авангардына» 1:3 есебімен жол берсе, минскілік «Динамо» Нижнекамскінің «Нефтехимигінен» қонақта буллиттер арқылы 2:1 есебімен басым түсті. Осы маусымда «Барыс» пен «Динамо» бір-ақ рет кездесті: ойын 28 қазанда Минскіде өтіп, «Барыстың» қонақтағы минималды 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. ҚХЛ-дағы соңғы бес өзара кездесуде «Барыс» екі рет, «Динамо» үш рет жеңіске жетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →