Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Месси мен Суарес «Интер Майами» сапында плей-оффқа шығады

    «Интер Майами» өз алаңында «Коламбус Крюмен» Мажор лига плей-оффының алғашқы матчын өткізеді. Месси, Суарес және Бертераме бірінші минуттан ойнайды.

    Месси мен Суарес «Интер Майами» сапында плей-оффқа шығады

    Сурет: sports.kz

    «Интер Майами» өз алаңында «Коламбус Крюмен» Мажор лиганың плей-оффы бірінші раунды сериясының алғашқы матчында кездеседі. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ойын бүгін Қазақстан уақытымен 04:00-де басталады. Алаң иелерінің шабуыл шебінде аргентиналық Лионель Месси, уругвайлық Луис Суарес және мексикалық Херман Бертераме бірінші минуттан ойнайды.

    «Интер Майами» құрамы: Сен-Клер, Фрэй, Каземиро, Микаэл, Лухан, Де Пауль, Брайт, Сеговия, Месси, Суарес, Бертераме.

    «Коламбус Крю» құрамы: Шульте, Фарси, Морейра, Завадски, Амундсен, Зарури, Шамбост, Хабрун, Сантьяго Родригес, Тапия, Браис Мендес.

    «Интер Майами» тұрақты чемпионатты Шығыс конференцияда екінші орынмен аяқтаса, «Коламбус» жетінші орынға тұрақтады. Конференция жартылай финалына шығу үшін командаға екі матчта жеңіс керек. Серияның екінші кездесуі 28 қарашада Коламбуста өтіп, 06:00-де басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →