Сәбит Әбдіхалықов екі ажырасуы туралы әзілдеді
Сәбит Әбдіхалықов TikTok-та әйелі Динара Абдуллинамен бірге түскен видеода екі ажырасуы туралы әзілдеді. Желі қолданушылары оның сөзін әрқалай бағалады.
Фото: Әлеуметтік желі
Танымал актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықов екі рет ажырасуына қатысты пікір білдірді. Ол TikTok желісіндегі парақшасында қазіргі әйелі Динара Абдуллинамен бірге түскен видеосын жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Видеода жұбайы одан «Бақытты үш әйелден іздедіңіз бе?» – деп сұраған. «Әрбір еркек бақытты болуға лайықты. Жоқ, алдыңғы екеуі бақытты болсын деп мені саған дайындап берген ғой», – деп әзілдеді актер.
Желі қолданушыларының бірі оның сөзіне күлсе, енді бірі мұндай әзілді орынсыз деп бағалады. «Бұл үшін мақтаныш болып тұр ғой», «Қартайып, баланың әңгімесін айтады», «Тұрсынбек те осы сияқты болып жүрмесін», «Күлкілі емес, жылау керек», «Қартайса да қоймайды екен», – деп жазды көпшілік.
