Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Дияр Нұрғожай UFC-ден 100 мың доллар бонус алғанын біліп, қуанышын жасыра алмады

    Дияр Нұрғожай UFC Fight Night 294 турниріндегі жеңісі үшін 100 мың доллар бонус алғанын біліп, қуанышын жасыра алмады. Ол Алик Лоренцті екінші раундта нокаутпен жеңді.

    Дияр Нұрғожай UFC-ден 100 мың доллар бонус алғанын біліп, қуанышын жасыра алмады

    Сурет: sports.kz

    Дияр Нұрғожай (13-2) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 294 турниріндегі өнері үшін 100 мың доллар көлемінде бонус алатынын естігенде қуанышын жасыра алмады. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол кезде Нұрғожай менеджері Саят Абдрахмановпен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп отырған. Жаңалықты естіген бойда Дияр эмоциясына ерік беріп, қуаныштан айқайлап жіберді. Қазақстандық файтердің қуаныш сәті бейнежазбада көрсетілген.

    «Кештің үздік өнері» бонусын қазақстандық америкалық Алик Лоренцті (8-3) жеңгені үшін алды. Екінші раундтың басында Нұрғожай қарсыласын басынан тепкілеп нокдаунға түсіріп, партерде аяқтады. Төреші жекпе-жекті раундтың 24-ші секундында тоқтатты. Дияр үшін бұл UFC-дегі үшінші қатарынан жеңіс болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →