Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • UFC турнирі Дохада басталды: Митчелл бірінші раундта нокаутпен жеңді

    Дохада UFC Fight Night 294 турнирі басталып, алғашқы жекпе-жекте Джон Митчелл Шоаиб Юсафты бірінші раундта нокаутпен жеңді. Екі файтер үшін де UFC-дегі дебют.

    UFC турнирі Дохада басталды: Митчелл бірінші раундта нокаутпен жеңді

    Сурет: sports.kz

    Дохада (Катар) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 294 турнирі басталды. Кештің алғашқы жекпе-жегінде ирландиялық файтер Джон Митчелл (11-3) мен ағылшындық Шоаиб Юсаф (14-3) октагонға шықты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Олар жартылай жеңіл салмақта үш раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізді. Оның қорытындысы бойынша Митчелл бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Бейнежазбаны төменде көруге болады.

    🚨 First KO of the night #UFCQatar John Mitchell drops Shoaib Yousaf with a perfect knee 🦵 https://t.co/bYdm6HcO8N
    — Fight District (@FightDistrict_X) November 21, 2026

    Осылайша, Джон Митчелл ММА-дағы кәсіби мансабындағы он екінші жеңісін бағындырды, ал Шоаиб Юсаф төртінші жеңілісін тартты. Екі файтер үшін де бұл UFC-дегі дебют болды.

    Бүгінгі турнирдің басты жекпе-жегіне келетін болсақ, негізгі оқиға аясында чехиялық файтер Иржи Прохазка (32-6-1) мен жаңа зеландиялық Навахо Стирлинг (11-0) өнер көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →