Тоқаев ҰҚК төрағасынан ұлттық қауіпсіздік бойынша есеп тыңдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдап, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі есепті тыңдады және нақты тапсырмалар берді.
Фото: Ақорданың Telegram-арнасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Кездесу барысында Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиынның қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.
Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.
