Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалау жөнінде нақты тапсырмалар берді
Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру жөнінде есеп тыңдап, нақты тапсырмалар берді.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Президентке ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
