Полиция Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Қылмысты ашу мақсатында Ақтөбеге ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ІІМ бақылауында», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 16-қараша күні таңда 49 жастағы кәсіпкерді үйінде атып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.
