Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді • Тоқаев Қазақстан-Ресей қатынастарының айрықша сипатына назар аударды • Бірнеше қазақ боксшысы World Boxing рейтингінде бірінші орынға шықты • Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті болып тағайындалды • Шенеуніктердің ресми іс-шараларда түсірілген суреттерін пайдалануға тыйым салынбайды • Жахан Отарғалиев 17 жылдан кейін әке болғанын хабарлады • Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді • Тоқаев Қазақстан-Ресей қатынастарының айрықша сипатына назар аударды • Бірнеше қазақ боксшысы World Boxing рейтингінде бірінші орынға шықты • Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті болып тағайындалды • Шенеуніктердің ресми іс-шараларда түсірілген суреттерін пайдалануға тыйым салынбайды • Жахан Отарғалиев 17 жылдан кейін әке болғанын хабарлады •

    Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновпен кездесіп, сот саласындағы ынтымақтастықты, цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуді талқылады.

    Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді

    Сурет: inbusiness.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновпен кездесуінде қазақ-ресей қатынастарының ерекше сипатын атап өтті. Ол қатынастар ортақ тарихқа, тату көршілікке, өзара құрметке және екі мемлекет халықтары арасындағы берік байланыстарға негізделгенін айтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент мемлекетаралық қатынастардың жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көшуі құқықтық саланы қоса алғанда, барлық негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дәйекті дамытуды көздейтінін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Игорь Красновты еліміздегі бүкіл мемлекеттік-құқықтық жүйені жаңартуға бағытталған ауқымды саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

    Өз кезегінде Ресей Жоғарғы сотының төрағасы қазақстандық соттармен белсенді өзара іс-қимыл туралы мәлімдеді.

    Екі елдің жоғары сот инстанциялары арасында ынтымақтастық туралы келісім тарихта алғаш рет жасалғаны атап өтілді. Бұл келісім кәсіби диалогқа, сот төрелігін цифрландыруға және жасанды интеллектті енгізуге негіз қалайды.

    Сонымен қатар ол сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен цифрлық құзыреттерін дамытуды қоса алғанда, ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →