Қарағандыдағы саунада өрт шығып, адамдар эвакуацияланды
Фото: ТЖМ
Қарағандының Қазыбек би ауданында үш қабатты ғимараттың цокольдық қабатында орналасқан булау бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Бұл туралы сәрсенбіге қараған түні, 18 қарашада Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде қою түтін байқалды. Барлау жұмыстары барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан баспалдақ арқылы 12 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады», — делінген хабарламада.
Құтқарушылар өртті сөндірді, зардап шеккендер жоқ
