Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгіленді • Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді • Тайвань дауы: Қытай АҚШ-қа қатаң ескерту жасады • «Рекорд жасадым»: қалталы кәсіпкер Бадықоваға үйленіп алған Олжас Абайдың жазбасы көптің ашуына тиді • Айбек Айтбеков Лас-Вегаста 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанды • Юсуф Ашрапов U-23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алды • Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгіленді • Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді • Тайвань дауы: Қытай АҚШ-қа қатаң ескерту жасады • «Рекорд жасадым»: қалталы кәсіпкер Бадықоваға үйленіп алған Олжас Абайдың жазбасы көптің ашуына тиді • Айбек Айтбеков Лас-Вегаста 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанды • Юсуф Ашрапов U-23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алды •

    Абай облысында балалар үйінің басшылығы 6 млн теңге жымқырған

    Абай облысы Үржар ауданында Науалы балалар үйі әкімшілігі қызметкерлерінің 6 млн теңгеден астам бюджет қаражатын  ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Бас прокуратура мәліметінше, балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төледі, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын тізімдеді. Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болды.

     

    “Сонымен қатар, «Өлі жандар» деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленді. Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке залал келтірілді”, – делінген хабарламада.

     

    Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.

    Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

    Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында мектептерді жөндеуге бөлінген 57 млн теңге ұрланған еді.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →