Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының жыл басынан бергі жұмысы туралы есебін тыңдап, терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмыспен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударды.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Кездесуде терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
