Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне арналған мемлекеттік наградалар жүйесін кеңейтті • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • «Сәтсіз шыққан»: Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаеваның әні сынға ұшырады (ВИДЕО) • «Барыс» ҚХЛ-да «Адмиралмен» өз алаңында кездеседі • Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр • Сергей Романович Қазақстанда сериал түсіреді: 6–8 серия, басты рөлде өзі • Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне арналған мемлекеттік наградалар жүйесін кеңейтті • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • «Сәтсіз шыққан»: Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаеваның әні сынға ұшырады (ВИДЕО) • «Барыс» ҚХЛ-да «Адмиралмен» өз алаңында кездеседі • Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр • Сергей Романович Қазақстанда сериал түсіреді: 6–8 серия, басты рөлде өзі •

    Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды

    Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды

    Фото: азаттық рухы

    Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы теміржол стансасында қайғылы оқиға болды. Қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеген ер адамды жүк вагоны басып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

    «2026 жылғы 10 қарашада Павлодар стансасындағы көліктегі полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», – деп хабарлады департамент өкілдері.

    Сондай-ақ көлік полициясы азаматтарды теміржол нысандарында жеке қауіпсіздік талаптары мен тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →