Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды •

    Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды

    АҚШ-та тұратын отандас Талғат Алман Нью-Йорктің ABC 7 (Буффало) телеарнасында Executive Reporter қызметіне тағайындалды. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жариялады.

    Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды

    Фото: әлеуметтік желіден

    Америка Құрама Штаттарында тұратын отандасымыз Талғат Алман шетелдік телеарнада аға тілші қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Телеарнадағы алғашқы басшылық қызметке кіріскенімді ерекше қуанышпен хабарлаймын. Нью-Йорктің әйгілі ABC 7 (Буффало) телеарнасында Executive Reporter қызметін атқарамын. Жаңа қызметімде жаңалықтар бөлімінің жұмысын қадағалап, журналистер мен продюсерлермен тығыз жұмыс істеймін. Сонымен қатар, жаңалықтарымыздың мазмұнды, сапалы әрі көрерменге уақытылы жетуіне атсалысып қана қоймай, репортаждар әзірлеп, зерттеу журналистикасымен айналысуды жалғастырамын. Маған осындай жауапты міндетті сеніп тапсырған басшылығыма ерекше алғысымды білдіремін. Көрсетілген сенімді ақтап, жаңа қызметімді абыроймен атқару үшін бар күшімді саламын. Сәттілік тілеп қойыңыздар, достар», – деп жазды журналист.

    Айта кетсек, Буффалодағы ABC 7 телеарнасы 1958 жылғы 30 қарашада алғаш рет эфирге шыққан. Бүгінде ол АҚШ-тағы ABC ұлттық тележелісінің жергілікті филиалы әрі E.W. Scripps медиакомпаниясының құрамына кіреді. Телеарна 2014 жылы осы компанияның меншігіне өткен.

    Телеарна Батыс Нью-Йорк өңіріндегі жаңалықтарды тұрақты түрде жариялап, жергілікті қоғамдастықтың өміріне қатысты оқиғаларды қамтиды. Ақпараттық хабарларынан бөлек, телеарна ауа райы болжамын, спорт жаңалықтарын және түрлі қоғамдық-танымдық бағдарламаларды ұсынады. Оның жаңалықтары теледидармен қатар ресми сайты мен мобильді платформаларында да жарияланады. Eyewitness News жаңалықтар қызметі ондаған жыл бойы Буффало көрермендерінің көзайымына айналған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →