Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды •

    Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды

    Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды

    Фото: instagram.com/talgat.alman

    АҚШ-та тұратын отандас Талғат Алман шетелде аға тілші қызметіне тағайындалды. Қуанышты жаңалықты өзінің желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    «Телеарнадағы алғашқы басшылық қызметке кіріскенімді ерекше қуанышпен хабарлаймын. Нью-Йорктің әйгілі ABC 7 (Буффало) телеарнасында Executive Reporter қызметін атқарамын. Жаңа қызметімде жаңалықтар бөлімінің жұмысын қадағалап, журналистер мен продюсерлермен тығыз жұмыс істеймін. Сонымен қатар, жаңалықтарымыздың мазмұнды, сапалы әрі көрерменге уақытылы жетуіне атсалысып қана қоймай, репортаждар әзірлеп, зерттеу журналистикасымен айналысуды жалғастырамын. Маған осындай жауапты міндетті сеніп тапсырған басшылығыма ерекше алғысымды білдіремін. Көрсетілген сенімді ақтап, жаңа қызметімді абыроймен атқару үшін бар күшімді саламын. Сәттілік тілеп қойыңыздар, достар», — деп жазды ол.

    Айта кетсек, Буффалодағы ABC 7 телеарнасы 1958 жылғы 30 қарашада алғаш рет эфирге шыққан. Бүгінде ол АҚШ-тағы ABC ұлттық тележелісінің жергілікті филиалы әрі E.W. Scripps медиакомпаниясының құрамына кіреді. Телеарна 2014 жылы осы компанияның меншігіне өткен. Телеарна Батыс Нью-Йорк өңіріндегі жаңалықтарды тұрақты түрде жариялап, жергілікті қоғамдастықтың өміріне қатысты оқиғаларды қамтиды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →