Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • 85 мыңнан 110 мыңға: ең төменгі жалақыны көтерудің бағасын кім төлейді және ол бағаны өсіре ме? • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • 85 мыңнан 110 мыңға: ең төменгі жалақыны көтерудің бағасын кім төлейді және ол бағаны өсіре ме? • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті •

    Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді!

    СҚО-дағы 98 шақырымдық «Пресновка – Благовещенка – Қайранкөл» автожолын жөндеу уәдесі орындалмай, қараша айында да жұмыс басталмады. Тұрғындар нақты іс күтеді.

    Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді!

    Дереккөз: @pkzsk

    Видеодан кадр

    Солтүстік Қазақстан облысындағы ұзындығы 98 шақырымды құрайтын «Пресновка – Благовещенка – Қайранкөл» облыстық маңызы бар автожолды жөндеу жұмыстары тағы да сөз күйінде қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шенеуніктер тасжолды жөндеу жұмыстарын тамыз айының басында бастауға уәде берген. Алайда қараша айы келсе де, жол бойынан жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бірде-бір техниканы көру мүмкін емес. Бұл мәселе 2022 жылдан бері көтеріліп келе жатқанымен, әзірге нақты нәтиже жоқ. Биыл жазда ауданда жүкті әйелдің қаза табуынан кейін жағдай тіпті ушыға түсті. Сол кезде жедел жәрдем көлігінің осы жолмен жүруге бір жарым сағат жұмсайтыны белгілі болған. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кенесов аталған жолды екі жыл ішінде толық жөндеп шығуға уәде берген еді. Алайда қыс таяп, күн суытып, қар түсе бастаған шақта тұрғындарды бір ғана сұрақ мазалайды: қыстың көзі қырауда бұл жолмен қалай қатынаймыз? Әкімдік берген уәде қашан орындалады? Тұрғындар құрғақ сөз емес, нақты істі күтеді!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →