Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Марат Байқамыров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды

    Марат Байқамыров Абу-Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирінде 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде алды. Қазақстан құрамасының қоржынында екі қола медаль бар.

    Марат Байқамыров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды

    Сурет: inbusiness.kz

    Абу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam сериясындағы беделді турнирде Қазақстан құрамасының еншісіне тағы бір медаль түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасай отырып, inbusiness.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Марат Байқамыров 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды.

    Үшінші орын үшін белдесуде қазақстандыққа Ресей өкілі Адам Сангариев қарсы тұрды. Байқамыров қарсыласынан басым түсіп, турнирді құрмет тұғырында аяқтады.

    Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны жарыстың екінші қола жүлдесімен толықты. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды Талғат Орынбасар иеленген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →