Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық оқушы Грекиядағы ағылшын тілі олимпиадасында бірінші орын алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қазақстандық оқушы Грекиядағы ағылшын тілі олимпиадасында бірінші орын алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды •

    Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды

    Асыл Айтакын Астанадағы күрестен әлем чемпионатында 61 келіде қола жүлде үшін белдесуде америкалық Маркус Блейзге 2:4 есебімен жол беріп, бесінші орынмен қалды.

    Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды

    Фото: Дирекция развития спорта

    Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен сынға түскен қазақстандық Асыл Айтакын медальсыз қалды. 61 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде ол америкалық Маркус Блейзге 2:4 есебімен жол беріп, қорытынды бесінші орынды иеленді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Айтакын өз елінде өткен әлем біріншілігін қырғызстандық Өмірбек Асан ұлын 4:0 есебімен жеңумен бастады. Содан кейін қазақстандық әзірбайжандық Нуреддин Новрузовты 5:4 есебімен ұтып, кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда тиімді әдіспен жеңіс тартып алды.

    Ширек финалда Айтакын неміс Хорст Лерді мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Алайда финалға шығу жолындағы белдесуде қазақстандық ирандық Ахмад Масад Джаванға 1:3 есебімен жол беріп, қола жүлде үшін күресу құқығын алды.

    Ертең, 1 қарашада әлем біріншілігінің алтын медалін Нұрқожа Қайпанов сарапқа салады.

    Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үш қола жүлдемен бейресми медаль есебінде 12-орынды иеленді. Оларды Исхар Құрбаев (55 кг), Айдос Сұлтанғали (60 кг) және Бағдат Сабаз (67 кг) жеңіп алды.

    Әйелдер күресінен турнирде Қазақстанның жалғыз медалін Зейнеп Баянова иеленді. 50 келіге дейінгі салмақта ол қола жүлдегер атанды. Бұған дейін Нилуфар Раимова, Жәмиля Бақбергенова және Алтын Шагаева да үшінші орын үшін белдесуге жеткен, бірақ қарсыластарына жол берген еді.

    Контекст: Күрестен әлем чемпионаты Астанада «Барыс Аренада» 24 қазаннан 1 қарашаға дейін шамамен 100 елден келген 900-ге жуық спортшының қатысуымен өтіп жатыр. Қазақстан ересектер арасындағы әлем біріншілігін 2019 жылдан бері алғаш рет қабылдап отыр. Біздің құрама 30 спортшыдан тұратын толық құраммен өкілдік етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →