Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанадағы күрестен әлем чемпионатында 74 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Виктор Рассадинді 11:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Фото: ҰОК
Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов жартылай финалға жолдама алды. Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинмен кездесті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұл белдесуде қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын, 11:0 есебімен жеңді.
Жартылай финалдық белдесулер бүгін Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков (92 келі) ширек финалда Грузия балуаны Мириани Майсурадзеге жол берген еді.
