Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды
Фото: Pixabay
Қостанай облысында бес жасар бала қаза тапты. Оны өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға 26 қазан күні Әулиекөл ауданына қарасты Құшмұрын ауылында болған. Бес жастағы бала басы мен денесінен алған көптеген жарақат салдарынан көз жұмған.
Оқиға болған күні полиция күдіктіні ұстады. Кейін сот оны қамауда ұстау туралы шешім шығарды.
Қазіргі уақытта «Кәмелетке толмаған баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
