Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты
Ақтөбе облысындағы «Қазхром» Дон кен-байыту комбинатының шахтасында вагондарды тіркеу кезінде жұмысшы жарақат алып, қаза тапты. Тергеу комиссиясы құрылады.
Сурет: Pexels / Marjan Taghipour
Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты. Бұл оқиға 29 қазанда «Қазхром» Дон кен-байыту комбинатының құрамына кіретін Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтада болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Вагондарды тіркеу кезінде кен жұмысшысы жарақат алған. Ол Хромтау орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, алайда дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қала алмады.
Тергеу жүргізу үшін Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы қатысатын арнайы комиссия құрылады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы әзірге анықталып жатыр.
