Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты
Фото: Pixabay
Ақтөбе облысындағы «Қазхром» компаниясына қарасты шахтада жұмысшы қаза тапты. Бұл – компания кәсіпорнында соңғы бір айда болған екінші өлім жағдайы,деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға 29 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатының Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтасында болған. Вагондарды тіркеу кезінде жарақат алған жұмысшы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Компания марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсететінін хабарлады.
Оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіледі. Комиссия құрамына Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің өкілдері кіреді. Қазір жазатайым жағдайдың себептері анықталып жатыр.
