Қызылордада 20 жастағы жігіт кафе маңында пышақталып өлтірілді
Қызылордада 20 жастағы Александр Иванов кафе маңында пышақталып өлтірілді. Қарындасы 11 адамның шабуыл жасағанын айтып, ІІМ мен Бас прокуратураға шағымданды. Үш күдікті ұсталды.
Видеодан кадр
Қызылордада 20 жастағы жігіт кафе маңында пышақталып өлтірілді. Трагедия 8 қазанда болған. Қаза болған жігіттің қарындасының айтуынша, Александр Иванов Есетов көшесіндегі кафеде достарымен демалған. Оның бір жолдасы мен диджей арасында жанжал туындап, одан кейін диджей таныстарын шақырған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Александр сыртқа шыққанда, оған бір топ жас жігіт шабуыл жасаған. Жігіт бірнеше пышақ жарақатын алып, кейін ауруханада көз жұмған.
Қаза болған жігіттің қарындасы шабуылға 11 адам қатысқанын мәлімдейді. Алайда іс бойынша тек үшеуі ғана ұсталған. Ол Ішкі істер министрлігіне және Бас прокуратураға өтініш жасап, өлтіру мән-жайын анықтауды және әрбір қатысушының рөлін белгілеуді сұраған.
Полиция үш күдіктінің ұсталғанын растады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеушілер тәркіленген бейнежазбаларды зерттеп, басқа адамдардың қатысы болуы мүмкіндігін тексеруде. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
