Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды •

    Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды

    Непалдағы Гангапурна-Вест шыңында хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің денесі 6300 метр биіктіктен табылды. Құтқару жұмыстары 23 қазанда аяқталды.

    Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды

    Сурет: magnific.com

    Непалдағы Гималай тауларында хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны расталды. Құтқарушылар олардың денесін теңіз деңгейінен шамамен 6300 метр биіктіктен тапқан.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қайғылы оқиға Непалдың Аннапурна тау жүйесіндегі биіктігі 7140 метр болатын Гангапурна-Вест шыңында болған. Жапония азаматтары Хидэсукэ Танейси мен Тэцу Хасимото бұған дейін ешкім бағындыра алмаған шыңға көтерілуді мақсат еткен.

    40 жастағы Танейси мен 25 жастағы Хасимото экспедиция барысында 15 қазанда байланысқа шықпай қалған. Соңғы рет олар шамамен 7050 метр биіктікте болған. Альпинистерден хабар үзілгеннен кейін Непалдың құтқару қызметтері іздестіру жұмыстарын бастаған. Алайда ауа райының қолайсыздығы мен таудың күрделі бедері операцияны қиындатқан.

    Іздестіруге арнайы дайындалған құтқарушылар, тәжірибелі альпинистер және тікұшақ экипаждары жұмылдырылған. Мамандар қолжетімділігі қиын тау беткейлерін тексеру үшін дрондарды да пайдаланған. Алғашқы іздеу шаралары кезінде шамамен 7050 метр биіктіктен альпинистерге тиесілі жабдықтар, соның ішінде сөмкелер мен таяқтар табылған. Алайда олардың өздерін анықтау мүмкін болмаған.

    23 қазанда құтқарушылар қайғылы хабарды жеткізді. Екі альпинистің денесі Гангапурна-Вест шыңының оңтүстік беткейінен, шамамен 6300 метр биіктіктен табылған. Непал билігінің мәліметінше, марқұмдардың денелері тікұшақпен Катмандуға жеткізіліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін ауруханаға тапсырылған.

    Альпинистердің нақты қандай жағдайда қаза тапқаны әзірге толық анықталған жоқ. Тергеу мен сараптама олардың өліміне қатысты мән-жайды нақтылауға тиіс.

    Айта кетейік, Гангапурна-Вест – Гималайдағы ең күрделі тау бағыттарының бірі. Шың 2014 жылдан бері шетелдік альпинистер үшін ашық болғанымен, оған сәтті көтерілгендер тіркелмеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →