Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды •

    Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

    Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
    Астананың 20 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол Threads әлеуметтік желісі арқылы концерт билеттерін сататынын айтып, ақша алған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті әлеуметтік желіде концерт билеттерін сату туралы хабарландырулар жариялаған.

    «Хабарландыруға қызығушылық танытқан азаматтар билет үшін ақша аударған. Қаражат күдіктінің танысына тиесілі банк шотына түскен. Алайда жәбірленушілерге ақысын төлеген билеттері берілмеген», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіден заттай дәлелдемелер, соның ішінде ұялы телефон тәркіленді. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол осы телефон арқылы хабарландырулар жариялап, сатып алушылармен хат алмасқан.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →