Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері •

    Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді

    Тараз – Астана рейсінде жолаушы ұшудан бас тартқан соң полиция тексеру жүргізді. Көліктегі полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

    Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді

    Сурет: instagram.com/v_shymkente

    Тараз – Астана бағытындағы ұшақ бортында полиция қызметкерлерінің тексеру жүргізгені туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада тәртіп сақшыларының ұшақ салонын аралап жүргені көрінеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Видео авторының айтуынша, жолаушылардың бірі рейске отырудан бас тартқан соң қауіпсіздік шаралары қолға алынып, әуе кемесінің ұшуы кешіккен.

    Оқиғаға қатысты Көліктегі полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жағдай 18 қазанда Тараз – Астана бағытындағы рейске жолаушыларды отырғызу кезінде орын алған. Азаматтардың бірі бортсерікке отбасылық жағдайына байланысты ұшудан бас тартатынын жеткізген.

    «2026 жылғы 18 қазанда Тараз – Астана бағытындағы рейспен ұшатын әуе кемесіне жолаушыларды отырғызу кезінде азаматтардың бірі бортсерікке отбасылық жағдайына байланысты ұшудан бас тартатыны туралы өтініш білдірді. Осыған байланысты жолаушы мен оның багажын рейстен түсіру бойынша белгіленген рәсімдер жасалған», – деп түсіндірді полиция.

    Осыдан кейін тәртіп сақшылары жолаушы отырған орынның маңын тексерген. «Аталған жолаушының орындығы маңын тексеру барысында тыйым салынған заттар немесе заттар табылған жоқ. Сонымен қатар бұл оқиғаға байланысты әуе компания өкілдерінен немесе жолаушылардан полицияға ешқандай шағым немесе наразылық түскен жоқ», – деп хабарлады ведомство.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →