Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты
Алматыда қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы жетекшісі Алмасхан Ахмеджановқа қайта қараудан кейін 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Фото: Newtimes.kz
Алматыда іс қайта қаралғаннан кейін қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы жетекшісі Алмасхан Ахмеджановқа жаңа үкім шығарылды. Бұл туралы «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Сот істі қайта қарады. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының экс-басшысы Алмасхан Ахмеджанов кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Басылымның мәліметінше, Ахмеджанов ерекше ірі мөлшердегі алаяқтыққа қатысушы ретінде, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды.
Бұған дейін, 2025 жылдың ақпанында сот айыптау үкімін шығарған болатын. Алмасхан Ахмеджанов 11 жылға бас бостандығынан айыруға кесілген еді. Кейін апелляциялық алқа үкімді жойып, істі қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы «елеулі бұзушылықтарды жою үшін» прокурорға қайтарды.
