Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жөндеу жүргізіп жатыр • Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенділер қызметінен айырылып қалды • «Атырау» бірде-бір матчқа қатыспаған легионерге 19 миллион теңгеден астам ақша төлейді • «Жарқын бейнесі есімізде»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуін еске алды (ВИДЕО) • Қостанайда 100 шақырымдық бәйге өтеді • Сәкен Сейфуллиннің туғанына 132 жыл: ақын, саясаткер, репрессия құрбаны • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жөндеу жүргізіп жатыр • Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенділер қызметінен айырылып қалды • «Атырау» бірде-бір матчқа қатыспаған легионерге 19 миллион теңгеден астам ақша төлейді • «Жарқын бейнесі есімізде»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуін еске алды (ВИДЕО) • Қостанайда 100 шақырымдық бәйге өтеді • Сәкен Сейфуллиннің туғанына 132 жыл: ақын, саясаткер, репрессия құрбаны •

    «Атырау» бірде-бір матчқа қатыспаған легионерге 19 миллион теңгеден астам ақша төлейді

    «Атырау» бірде-бір матчқа қатыспаған легионерге 19 миллион теңгеден астам ақша төлейді

    Фото: brann.no

    Amanvibe.kz басылымының мәліметінше, ФИФА-ның Дауларды шешу палатасы клубқа ойыншы алдындағы жалақы берешегін өтеуді және келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін өтемақы төлеуді міндеттеген.

    Шешімге сәйкес, «Атырау» Гилберт Кумсонға жалақы бойынша 5,5 миллион теңге берешегін және келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін 13,75 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Осылайша, жалпы төлем көлемі 19,25 миллион теңгені құрайды. Бұдан бөлек, берешек сомасына жылдық 5 пайыз мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

    Дереккөз мәліметіне сүйенсек, футболшыға «Атырау» клубы оның Қазақстанда өнер көрсетуі үшін қажетті визаны рәсімдеп, жұмыс істеуге рұқсат алуға көмектеспеген. Сондай-ақ ойыншының ресми матчтарға қатысуына қажетті жағдай жасалмаған.

    Осыған байланысты Гилберт Кумсон келісімшартты бұзып, ФИФА-ға шағым түсірген. Нәтижесінде халықаралық футбол ұйымы ойыншының пайдасына шешім шығарды.

    Айта кетейік, ганалық шабуылшы «Атырау» сапында бірде-бір ресми матчқа қатыспаған. Соған қарамастан, клуб енді оған 19 миллион теңгеден астам қаражат төлеуге міндетті. Бұған дейін «Астана» футболшылары да жалақы бойынша берешекті өтеуді талап етіп, мәселе шешілмеген жағдайда қатаң шараларға баруға дайын екенін мәлімдеген болатын. Кейін елордалық клуб басшылығы қаржылық қиындықтардың команданың чемпионаттағы өнеріне әсер етпейтінін айтып, маусымды жалғастырып, барлық міндеттемелерін орындауға ниетті екенін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →