Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов баспана сатып алуды қолжетімді ету үшін ипотеканың бастапқы жарнасын төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Фото: freepik
Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарға баспана сатып алуды қолжетімді ету үшін бастапқы жарнаны төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұл іспен Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айналысады.
Сонымен қатар үкімет басшысы 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұл ретте жаңа үйлер барлық қажетті инфрақұрылыммен және абаттандырумен қамтылуы тиіс.
Әкімдіктерге жер учаскелерін алдын ала дайындауды және инженерлік желілерді тартуды жеделдету тапсырылды.
