Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты • Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттарды таратты • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты • Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттарды таратты •

    Тоқаев Бельгия королімен келіссөз жүргізіп, тарихи сапар деп атады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымымен келіссөз жүргізіп, алғашқы мемлекеттік сапарды тарихи уақиға деп атады. Дипломатиялық қарым-қатынасқа 35 жыл толады.

    Тоқаев Бельгия королімен келіссөз жүргізіп, тарихи сапар деп атады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашатын тарихи уақиға екенін атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    – Сізді Астанада қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Тарихи сапарыңыз жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстанға келген делегация құрамына Үкімет пен аймақтық билік, іскерлік топтар, академиялық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енген. Сіз Тақ мұрагері ретінде Қазақстанға үш мәрте келген едіңіз. Елімізбен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі ниетіңізді жоғары бағалаймыз. Сіздің қолдауыңызды әрдайым сезінеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.

    – Келесі жылы елдеріміздің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады. Осы жылдарда шынайы достық пен өзара құрметке негізделген тығыз қарым-қатынасты жолға қойдық. Үздіксіз саяси диалог ынтымақтастығымыздың берік тұғыры іспеттес. Біз жетістіктеріңізді ұдайы қарап отырамыз. Бұл шын мәнінде таңғалдырады. Сіздерден үлгі алып, тәжірибелеріңізді үйренуіміз қажет. Бельгияға бес жыл бұрын жасаған сапар барысындағы мазмұнды келіссөздерді ықыласпен еске аламын. Биыл маусым айында Бельгияға барған сапарымда Премьер-министр Барт де Вевермен келіссөз жүргізіп, серіктестікті нығайтуға қос тарап та бейіл екенін растадық, – деді Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →