Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Беллингем ПСВ қақпасына ширақ соққымен әдемі гол енгізді • Уимблдон рекордшысы Леся Цуренко мансабын аяқтады • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Беллингем ПСВ қақпасына ширақ соққымен әдемі гол енгізді • Уимблдон рекордшысы Леся Цуренко мансабын аяқтады • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді •

    Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты

    Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласындағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Жұптық сында ол хорватиялық Луция Чирич-Багаричпен бірге ойнайды.

    Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты

    Сурет: ҰОК

    Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Отандасымыз жұптық сында хорватиялық Луция Чирич-Багаричпен бірге өнер көрсетуде. Төртінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-хорватиялық жұп ширек финалда швейцариялық Наима Карамоко мен германиялық Нома Ноа Акугуэні жеңді.

    Кездесу екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Жеңіс Жібек Құламбаева мен Луция Чирич-Багаричке бұйырды.

    Енді олар финалға өту үшін бірінші нөмірмен тіркелген ресейлік Елена Приданкина мен Анастасия Тихоноваға қарсы ойнайды. Жартылай финалдық кездесу 10 қазанда өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →