Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек •

    Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды

    Павлодар теміржол вокзалында пойыз астында қалып, ауыр жарақат алған 22 жастағы жігіт бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды

    Сурет: magnific.com

    Павлодар теміржол вокзалында ауыр жарақат алған 22 жастағы жігіт бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Irбis TV хабарлауынша, оқиға 30 қыркүйекте орын алған. Жас жігіт пойыз астына түсіп, сол аяғынан айырылған.

    Зардап шегуші ауыр халде Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған көптеген жарақат және сол аяқтың травматикалық ампутациясы диагнозын қойды.

    «Пациентке шұғыл операция жасалды. Кейін бірнеше рет қайта ота жасалып, қарқынды терапия және реанимациялық шаралар жүргізілді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, алған жарақаттарының ауырлығына байланысты 2026 жылғы 8 қазанда пациенттің қайтыс болғаны тіркелді», – деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы.

    Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    Қазір тергеу аясында болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Істің өзге егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →