Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан
Фото: istockphoto.com
БҚО-да өз балаларынан қашып жүрген ата-аналардың алимент бойынша қарызы 250 теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Туған әке-шешесінен алимент ала алмай жүрген балалар саны 600-ден асады.
Облыс тұрғындарының бірі баласына екі жылдан бері алимент бермеген. Есесіне 4 млн теңгесін құмар ойынға салып, ұтылып қалған. Осыған байланысты оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Прокуратураның мәліметінше, іс қозғалғаннан кейін барып, мойнындағы 2,6 млн теңге алиментін төлепті.
«Прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде 600-ден астам балаға 250 млн теңгеден аса алимент қарызы төленген», – делінген хабарламада.
