Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті •

    Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады

    Астанада автотұрақта бес көлік өртенді. Полиция алдын ала себебін электр сымдарының қысқа тұйықталуы деп атады. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

    Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады

    Сурет: t.me/qr_tjm

    Астанада автотұрақта бес көлік өртенді. Елорда Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша көліктердің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған. Соның салдарынан өрт шыққан.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінде электр сымдары қысқа тұйықталып, өрт шыққан. Салдарынан төрт автокөлік толық жанып кетті, тағы бір көлік жартылай зақымданды», – деп хабарлады полиция.

    Оқиға кезінде бір адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілген. Бұған дейін зардап шеккен ер адамның өртенген көліктердің екеуінің иесі екені хабарланған.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, өрттің нақты себебі және келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →