Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Талдықорғанда ер адам әйелін ұрып, көршілеріне суық қарумен тап берген

    Талдықорғанда ер адам бір жасар баласының жылағанына ашуланып, әйелін ұрып-соғып, көршілеріне суық қарумен тап берген. Полиция күдіктіні ұстап, қару тәркіледі.

    Талдықорғанда ер адам әйелін ұрып, көршілеріне суық қарумен тап берген

    Сурет: istockphoto

    Талдықорғанда ер адам бір жасар баласының жылағанына ашуланып, өз әйелін ұрып-соғып, көршілеріне қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл туралы жәбірленушінің туысы мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, әйелдің күйеуі бұған дейін де оны бірнеше рет ұрып-соғып, қорқытып келген. Ер адам қаржылық мүмкіндігі мен таныстары арқылы жауапкершіліктен құтылып кететінін айтып, әйелін қорқынышта ұстаған.

    2 қазанға қараған түні ер адам бір жасар баласының ұйықтамауына байланысты жанжал шығарған. Айтылған мәлімет бойынша, жанжал кезінде әйелін таңғы сағат 4-ке дейін ұрып-соққан. Көмекке барған көршілерге де суық қарумен тап бергені айтылған.

    Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйел сол күні полицияға жүгініп, күйеуінің өзіне дене жарақатын салғанын және қорқытқанын айтқан. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адам ұсталды. Одан пневматикалық қару тәркіленді.

    Дене жарақатын келтіру және қорқыту деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

    «Бұған дейін жәбірленушіден ешқандай шағым түспеген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді полиция.

    Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылып, оларға қажетті көмек көрсетілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →