Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қостанайлық ағайындылар ресейлік шоуда 100 ұпай жинады

    Қостанайлық ағайынды Бекболат пен Айдар Жазықпаевтар ресейлік «Ну-ка, все вместе! Народный кастинг» шоуында 100 ұпай жинап, қазылар алқасын тәнті етті.

    Қостанайлық ағайындылар ресейлік шоуда 100 ұпай жинады

    Қостанайлық ағайынды Бекболат пен Айдар Жазықпаевтар танымал ресейлік «Ну-ка, все вместе! Народный кастинг» шоуында өнер көрсетіп, ерекше дауыстарымен қазылар алқасын таңғалдырды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ағайындылардың тембрлері мүлде басқа болғанымен, бірге шырқағанда дауыстары өте үйлесімді шығып, сарапшылар олардың өзара түсіністігін жоғары бағалады. Қазылар алқасы «бәрі туыстық байланысқа және бір-бірін сезіне білуге байланысты» деп болжады.

    Нәтижесінде «БРО» дуэтінің өнері максималды 100 ұпай иеленді. Өнер көрсетіп болғаннан кейін ағайындылар өзін қолдаған барлық жандарға алғысын білдірді.

    «Біз жасадық! Қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет», – деп жазды Бекболат пен Айдар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →