Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ҰҚК алаяқтыққа күдікті азаматты Астанаға экстрадициялады

    ҰҚК алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматын шетелден Астанаға экстрадициялады. Ол 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

    ҰҚК алаяқтыққа күдікті азаматты Астанаға экстрадициялады

    Фото: ҚР ҰОК

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген азаматтың Астанаға экстрадицияланғанын хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 2 қазанда ҰҚК Интерполдың және Бас прокуратураның үйлестіруімен халықаралық іздеуде болған Қазақстан Республикасының азаматын шетелден Астана қаласына жеткізген.

    «Аталған тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасағаны үшін күдікке ілініп, 2021 жылдан бері сот төрелігінен жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

    ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →