Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қорқытып, ақша талап етті: Түркістан облысында күдікті жігіт ұсталды

    Қорқытып, ақша талап етті: Түркістан облысында күдікті жігіт ұсталды

    Фото: polisia.kz

    Түркістан облысында 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша бопсалады деген күдікпен Сарыағаш ауданының 38 жастағы тұрғынын ұстады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Шымкент қаласының тұрғынынан ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен.  Тінту барысында күдіктіден телефон мен 5 миллион теңге көлеміндегі ақша табылып, тәркіленді.

    Анықталғандай, ер адам бұған дейін ұрлық пен есірткі заттарын сақтау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →