Атырау облысында бала құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Атырау облысында бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Гүлнәфис Айшуақова тағайындалды. Ол бұған дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Сурет: inbusiness.kz
Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірдегі бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Гүлнәфис Айшуақова тағайындалды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Гүлнәфис Айшуақова 1984 жылы 24 қарашада дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында «Қарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде заңгер көмекшісі ретінде бастады.
Әр жылдары Жылыой ауданы әкімі аппаратында заң кеңесшісі, іс жүргізу жөніндегі инспекторы, бас маманы және бас инспекторы қызметтерін атқарды. 2019–2023 жылдары Жылыой ауданының ішкі саясат бөлімін басқарды.
2023 жылдың қаңтарынан осы тағайындауға дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
