Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды
Қарағандыда «Көгілдір тоғандар» шағынауданында 2022 жылы туған қыз алтыншы қабаттағы терезеден құлап, ауруханада көз жұмды. Жыл басынан бері облыста баланың терезеден құлауына қатысты 33 жағдай тіркелген.
Фото: freepik
Қарағандыда қайғылы оқиға тіркелді. «Көгілдір тоғандар» шағынауданында 2022 жылы туған қыз қонақта болған. Бір сәтте ол ересектердің қарауынсыз қалып, алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бала бірнеше ауыр жарақатпен аса ауыр жағдайда облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында баланың терезеден құлауына қатысты 33 жағдай тіркелген.
