Шымкентте ер адамды пышақтап өлтірді: күдікті — жұбайы
Шымкентте ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде марқұмның жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Сурет: istockphoto
Шымкентте ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде марқұмның жұбайы ұсталды. Ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алдын ала нұсқа бойынша, жанжал кезінде оны өз әйелі пышақтап өлтірген болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Көршілерінің айтуынша, ерлі-зайыпты Самал-3 шағын ауданында пәтер жалдап тұрған және екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған. Бұған дейін олар ерлі-зайыпты арасында ешқандай ұрыс-керіс немесе жанжал естімегенін және көрмегенін айтады.
Қазіргі уақытта әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
