Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қорғаныс министріне үш кезек күттірмейтін міндет жүктеді • Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қорғаныс министріне үш кезек күттірмейтін міндет жүктеді • Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды •

    Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні еске алды және әскерді түбегейлі реформалауды талап етті.

    Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті

    Фото: Ақорда

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Жиын Маңғыстау облысында болған оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы әскерилердің құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмегенін атап өтті. Ол оқиғаға қатысы барлар шеніне қарамастан қатаң жазаға тартылатынын ескертті. Бұл мәселе Президенттің жеке бақылауында.

    «Бұл оқиға армияда олқылықтар өте көп екенін және кәсібилік жетіспейтінін анық көрсетті. Әскерді түбегейлі реформалауды іске асыратын уақыт келді. Бұл – кезек күттірмейтін мәселе», – деді Президент.

    Сонымен қатар, мемлекет басшысы Каспийдегі оқу-жаттығудың мақсаты түсініксіз деп сынады. Оның айтуынша, қайғылы жағдайға бірінші кезекте офицерлердің, соның ішінде генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды.

    Тоқаев қайғылы оқиғаның мән-жайын ғана емес, мұндай оқу-жаттығуды жоспарлауға не түрткі болғанын және қойылған міндеттің қазіргі қауіп-қатерлерге қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етті.

    «Қарулы Күштер басшылығы қордаланған түйткілдерді жылдар бойы шеше алмай келеді. Өткен қайғылы оқиғалардан сабақ алмадыңыздар. Аталған оқу-жаттығу жиынының мәні де, мақсаты да түсініксіз. Оны кім әзірлеп, бекітті? Бас штабтың рөлі қандай? Үйлестіру жұмыстарына неге мән бермеген? Неліктен оқу-жаттығу жиынында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болмаған? Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық белең алған. Жүйелі жұмыс жоқ. Дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл жоспары сын көтермейді. Мұның бәрі – әскери ведомство басшылығының немқұрайдылығының салдары», – деді Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →