Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 26 қыркүйек 2026 $ 442,0↓€ 502,5↓₽ 5,20↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Махмұд Сабырхан Азия ойындарында ширек финалға шықты

    Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жапониядағы Азия ойындарында Иран спортшысын жеңіп, 55 келіге дейінгі салмақта ширек финалға шықты.

    Махмұд Сабырхан Азия ойындарында ширек финалға шықты

    Сурет: ҰОК

    Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол Иран боксшысы Мехди Каземимен қолғап түйістірді. Махмұд бірінші раундтан-ақ басымдық танытты. Екінші және үшінші үшминуттықта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

    Бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) жарыс жолын аяқтағанын атап өткен жөн.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →