Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 26 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда әскери қызметшілердің қаза болуы: Үкіметтік комиссия отырысы өтті • Шымкентте асаба есірткі сақтағаны үшін ұсталды • XX жазғы Азия ойындары: жетісайыс жеңімпаздары анықталды • Полиция қызметкері 12-қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды • «Үш студенттен туберкулез табылды»: Қарағандыдағы Бөкетов университетінен шу шықты • Екібастұздағы ГРЭС-1-ге 140 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін • Ақтауда әскери қызметшілердің қаза болуы: Үкіметтік комиссия отырысы өтті • Шымкентте асаба есірткі сақтағаны үшін ұсталды • XX жазғы Азия ойындары: жетісайыс жеңімпаздары анықталды • Полиция қызметкері 12-қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды • «Үш студенттен туберкулез табылды»: Қарағандыдағы Бөкетов университетінен шу шықты • Екібастұздағы ГРЭС-1-ге 140 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін •

    Шымкентте асаба есірткі сақтағаны үшін ұсталды

    Шымкенттегі қонақ үйде полиция есірткі айналымына күдікті асабаны ұстады. Тінту кезінде мефедрон мен «мак» тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Шымкентте асаба есірткі сақтағаны үшін ұсталды

    Сурет: Polisia.kz

    Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен танымал асабаны ұстады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұсталған азамат — Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны, С. есімді ер адам. Тінту кезінде қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

    Алдын ала деректер бойынша, ер адаммен бірге интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

    Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және «мак» екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті.

    Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда.

    Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →