«Қазір ұлымның жағдайы жақсы, сөйлесіп жатыр. Денсаулығы тұрақты. Оқиға туралы әлеуметтік желіден білдім. Сол сәтте жұмыста болғандықтан, әйелім бірден Ақтауға аттанды. Баламның аман қалғанына шүкір», – деді әскери қызметшінің әкесі.
Маңғыстаудағы трагедия: аман қалған сарбаздың әкесі пікір білдірді
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан аман қалған әскери қызметшінің әкесі ұлының жағдайы туралы айтты. Оның сөзінше, отбасы болған жайтты ресми органдардан емес, әлеуметтік желіден білген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ztb news-ке сілтеме жасап.
