Азия ойындары: Жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Гонконг құрамасын жеңді
Фото: olympic.kz
Қазақстандықтар Сергей Богату мен Кирилл Гурин Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кезекті кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Жағажай волейболынан ерлер арасындағы турнирдің алдын ала кезеңінде қазақстандық жұп Гонконг өкілдері Ли Чхёк Хэй мен Ли Лит Фунгке қарсы ойнады.
Богату мен Гурин екі партияда да басым түсіп, жеңіске жетті. Бірінші партия 21:15 есебімен аяқталса, екінші партияда қазақстандық жұп 21:18 есебімен жеңді. Осылайша, кездесу 2:0 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.
Бұған дейін әйелдер арасындағы турнирде Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова алдын ала кезеңде жапониялық Сакура Ито мен Маю Савамэге қарсы ойнаған еді. Қазақстандық жұп 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Партиялар 12:21 және 7:21 есебімен аяқталды.
