Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды • Бас прокуратура Маңғыстаудағы жайтқа күдіктілер анықталғанын айтты • «Су бірнеше күнге жоғалады, жарық та тұрақсыз»: Қарағанды облысындағы ауыл тұрғындары мәселе көтерді • Азия ойындары: Жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Гонконг құрамасын жеңді • Қару кезеніп, ақша алды: Алматыда адамдарды бопсалаған күдіктілер ұсталды  • Экс-президент Назарбаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды • Бас прокуратура Маңғыстаудағы жайтқа күдіктілер анықталғанын айтты • «Су бірнеше күнге жоғалады, жарық та тұрақсыз»: Қарағанды облысындағы ауыл тұрғындары мәселе көтерді • Азия ойындары: Жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Гонконг құрамасын жеңді • Қару кезеніп, ақша алды: Алматыда адамдарды бопсалаған күдіктілер ұсталды  • Экс-президент Назарбаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты •

    Өскеменде бірден 6 көлік соқтығысқан жол апаты болды (ВИДЕО)

    Өскеменде бірден 6 көлік соқтығысқан жол апаты болды (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр/ youtube.com/@1720_yk

    Өскеменде алты автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы YK-News.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға Есенберлин даңғылында болған. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бірнеше көліктің бірінен кейін бірі соқтығысуынан болған.

    Алдымен Lada жүргізушісі алдында келе жатқан Honda көлігімен қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, ол тежелген кезде соқтығысқан.

    Осы сәтте Toyota Camry жүргізушісі де алдында келе жатқан Kia Sportage көлігіне дейінгі қауіпсіз арақашықтық пен жылдамдықты сақтамай, соқтығысуға жол берген.

    Артынша Toyota Ipsum жүргізушісі алдында келе жатқан Toyota Camry көлігі тежелген кезде дер кезінде тоқтай алмай, оны соққан.

    Жол апаты салдарынан көліктерге материалдық шығын келді.

    Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысты барлық жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →